Есептілік

Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2018 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі

Жол-көпір шаруашылығын күтіп ұстау

2018 жылы «Жергілікті жердің санитарлық жағдайы» бағдарламасы бойынша келесі қаражат бөлінді:

-       жол-көпір шаруашылығын күтіп ұстауға - 1 466 823,0 мың.теңге.

-       ірі габаритті қоқысты шығаруға – 11 700,0 мың.теңге.

2018 жылдың басынан жалпы ұзындығы 7322,3 километрлі құрайтын қатты төсемі жоқ жолдарды тегістеу және қыру жұмыстары,  жалпы 42 817,7 км асфальбетонды жабыны бар көшенің жолдарын механизерленге ПМ автокөліктерімен сыпыру жұмыстары жасалды. Күнделікті норманың жұмыс есебімен 38 140 км қала көшелерінің жол жүріс бөлігін жуу, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды «Асан» ауданындағы карьерге және қалалық күл-қоқыс шығару орнына 2 215,1 тонна қоқыс, қаланың көше-жол желісінен 256 180 м3 қар, 40 324 м3 еріген қар сулары шығарылды.  

 

Қаланың жасыл қорын күтіп ұстау

2018 жылы қала аумағын көгалдандыруға 212 500,1 мың.теңге қаражат бөлінді. Аталған қаражатқа келесі негізгі жұмыстар жасалды: 558 дана апатты және құрғақ ағаштарды кесу, 1162 дана көлемінде ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары орындалды, 189 328 м2 тірі қоршамдарды қию жұмыстары, сондай-ақ ағаштарды «үшбұрыш», «ромб», «шаршы» және «шар» декортивті үлгілер бойынша кесу жұмыстары жүргізілді.  

Жоспарланған 20 320 м2  гүлшоқтарын орналастыру бойынша бүгінгі таңда 100 % жасалды. 

 

Көше жарығына техникалық қызмет көрсету және оны пайдалану жұмыстары

2018 жылы сыртқы жарықтандыру желілеріне ағымдағы қызмет көрсетуге қалалық бюджеттен 220 080,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Орал қаласының көше-жол желісінде 18 941 жарық нүктесі бар, оның ішінде 24 % (4 563) жарықдиодты шамдар, қалған 76 % (14 378) ескі үлгідегі шамдар (ДРЛ, ДНАТ, и д.т.). Жарықтандыру желісінің ұзындығы 352,9 км-ді құрайды. Қазіргі таңда қаламыздың 268 көшесі, 372 аула аумағы жарықтандырылған.  

Бүгінгі таңда 16 нысан бойынша мырыш бағаналар орнатумен (екіжақты) жарықтандырудың әуе желісін жерасты кабельдік желіге ауыстыру жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталды. Жоба бойынша қуаттылығы 100-150 Вт жарықдиодты энергия үнемдегіш жарықшамдар орнату, бағдаршам бағаналарын ауыстыру, барлық жаяу жүргіншілер өтпесінде жарықтандыру және жарық катафоттар орнатумен компобелгілер орнату қарастырылған.  Аталған жобаларға сәйкес, 2486 жарықдиодты жарықшамдар орнату жоспарланып отыр. 16 жобаның жалпы сомасы 1 824 859,0 мың теңгені құрайды.

Жасақталған 16 жобаның сомасы 858 731,0 мың теңге болатын 6 жобасы (Достық даңғылы, М.Ықсанов көшесі, Сарайшық көшесі және Жайық көпірінен Әуежай ғимаратына дейінгі Әуежайға апаратын жол учаскесі бойынша 3 жоба) КПО б.в. компаниясына жүзеге асыру үшін берілді. Қазіргі таңда 5 жоба жүзеге асырылды, бір жоба бойынша жұмыстардың аяқталуы жақын. М.Ықсанов көшесіндегі жоба бойынша 105 жарықтандыру бағанасы және Достық даңғылы бойынша 148 бағана орнатылды.

Сонымен қатар, 64 549,8 мың теңге сомаға 7-9 шағынаудандардың ішкі орам жолдарын (№3-көше) жарықтандыруға жобалау-сметалық құжаттама жасақталды. Бұған қоса, 7-9 шағынаудандардың ішкі орам жолдарын (№2-көше) жарықтандыруға жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Аталған жобалар МЖӘ бағдарламасы бойынша жүзеге асырылу үшін БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына берілді.

 

Субұрқақтарға қызмет көрсету және оны күтіп ұстау

Қаланың 12 нысанындағы 25 субұрқақтарына қызмет көрсетуге 109 852,9 мың.теңге қаражат бөлінді:

1.        «С.Датұлы» атындағы алаң;

2.        «Абай» атындағы алаң;

3.        «Чапаев» атындағы алаң;

4.        «М.Мәметова» атындағы алаң;

5.        «Жайық өзені жағалауы» алаң;

6.        «Жеңіс» ш/а жүзу бассейін маңы;

7.        Д. Қонаев атындағы ш/ны тынымбағы;

8.        «Ж.Молдағалиев» атындағы тынымбағы;

9.        «А. Пушкин» атындағы тынымбағы;

10.    «М. Лермонтов» атындағы тынымбағы;

11.   «Чернобыль» АЭС апатын жоюшылар тынымбағы;

12.    «Тұңғыш Президент алаңы» (Жаңа алаң).

Ағымдағы жылы мердігер мекеме болып «КРОИВА» ЖК анықталды.

 

Аула аумақтарын абаттандыру

Ағымдағы жылы 29 аула аумағын абаттандыруға бюджет қаржысы есебінен 485,0 млн.теңге қаражат бөлінді, оның ішіндегі 2 аула аумағы Зачаганск кенті әкімдігі арқылы жүзеге асырылатын болады. Аталған бағдарлама бойынша 9 мың адам тұрып жатқан 46 тұрғын үйдің аула аумағы қамтылды.

Қала аумағында жаңадан салынған шағынаудандарды қоспағанда, 386 аула аумағы бар. 2007-2017 ж.ж. аралығында 297 аула аумағы абаттандырылды. Қазіргі таңда абаттандырылмаған 60 аула аумағы қалды.

Қазіргі таңда 27 аула аумағында 6 мердігер мекемелер жұмыс жасады:

1.    «Ануш курылыс» ЖШС – 13 аула аумағы.

2.    «Люкс» ЖШС – 2 аула аумағы.

3.    «Sardar-KZ» ЖШС – 2 аула аумағы.

4.    «Жайык сити» ЖШС – 4 аула аумағы.

5.    «ЖайыкТрансКурылыс» ЖШС – 2 аула аумағы.

6.    «ЖБК строй» ЖШС – 4 аула аумағы.

Бүгінгі таңда барлық аула аумақтары бойынша жұмыстар аяқталды.

Сонымен қатар, 23 аула аумағын абаттандыруға жобалау-сметалық құжаттамалар жасақталды, қазіргі таңда ведомоствадан тыс сараптама өткізу кезеңінде.

 

Тынымбақтарды абаттандыру

Ағымдағы жылы қаламыздың демеушілері есебінен «Туған Жер» бағдарламасы бойынша үш тынымбақ абаттандырылды:

-       Евразия даңғылы бойынша №36ЖОББМ ауданындағы тынымбақ (демеуші - Голоухов Валерий Иванович);

-       Ет комбинаты ауданындағы «Денсаулық» тынымбағы (демеуші – БҚО бойынша денсаулық сақтау басқармасы);

-       Т.Масин көшесі бойынша тынымбақ (демеуші - Джакупов Жаслан Кабибуллаевич).

Сонымен қатар, тынымбақтарды абаттандыру бойынша үш жоба бар, олар:

-       «БҚО Орал қаласындағы С.Тюленин көшесі 50, 52 үйлер ауданындағы тынымбақты абаттандыру»;

-       «БҚО Орал қаласындағы Зачаганск кенті облыстық балалар ауруханасы ауданындағы тынымбақты абаттандыру»

-       «БҚО Орал қаласы С.Датов көшесі бойымен (Шолохов көшесінен Әбілқайыр хан даңғылына дейін), Әбілқайыр хан даңғылы бойымен (С.Датов көшесінен Циолковский көшесіне дейін) жасыл желекжолды абаттандыру».

 

Коммуналдық шаруашылық секторы

Ағымдағы жылы сектор мамандарымен Орал қаласының коммуналдық мекемелеріне табыстау үшін, газбен, сумен, су бұру және жылу жүйелеріне нысандарына 69 дана техникалық паспорт және мердігер ұйымдармен газбен қамтамасыз етудің 57 нысанына (сервитут) жерге орналастыру жобалары жасақталды.

Сонымен қатар, иесіз желілерді «БатҚазЭЖТК» АҚ ҚФ теңгеріміне беру және қызмет көрсету мақсатында 99 нысанға бағалау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда нысандарды салыстырып-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Евразия даңғылы, №121 мекенжайында орналасқан полиция пунктінің қасбетін ағымдағы жөндеу, М.Мөңкеұлы көшесі 85/6 мекенжайынын 58 бөлмесін ағымдағы жөндеу, Алмазова көшесі, 58 мекенжайында орналасқан ғимаратты жұмыстары жүргізілді.

 

ТҮК жаңғырту және дамыту

2018 жылы жалпы соммасы-125 млн. теңге құратын 9 үйге күрделі жөндеу жұмыс

- 5 тұрғын үйдің (С.Тюленин көш., 1/3, Гагарин көш., 36, Студенческая көш., 3, Мирзоян көш., 12  және Темиртауская көш., 19) шатырын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар,

-   4 тұрғын үйдің (Қонаев ш/а, 68 (2-кіреберіс), Қонаев ш/а, 68 (3-кіреберіс), Қонаев ш/а, 25 (2-кіреберіс), Құрманғазы көш., 112) жедел саты (лифт) шаруашылығын ауыстыру жұмыстары аяқталады.

Қазіргі таңда 2018 жылғы Жаңғырту бағдарламасының жоспарынан бөлек 13 нысанға жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысын алды.

 

МЖӘ апатты үйлер бойынша

Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 41 апатты және 200 астам ескі үйлер бар. Аталған үйлерде 1448 отбасы тұрады. Апатты және ескі үйлерді бұзудың Мемлекеттік жеке меншік бағдарламасын жүзеге асырыру аясында 11 үй бұзылды.

Қазіргі таңда 5 көпқабатты үй құрылысы жүргізілуде және 2017 жылы 1 үй эксплуатацияға тапсырылып (Деповская көшесі, 18), 16 отбасына жаңа пәтер кілті табысталды. Сондай-ақ, биылғы жылы 2-ші километр көшесі бойындағы үй эксплуатацияға тапсырылып, 32 отбасына жаңа пәтер кілті табысталды.

Ағымдағы жылы 4 апатты үй бұзылды (Құрманғазы көш., 196, Скоробогатовкөш., 65/1, 65/2, Некрасов көш., 22).

        

Нұрлы жол

«2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2017 жылғы 7 желтоқсандағы №823 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына орай, 2018 жылғы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу желілері мен сумен қамтамасыз етудегі 5 жобаға 1 487 407 мың теңге қаражат бөлінді.

1) «Орал қаласында 2-20-ЖК-дан 2-23-ЖК-ға дейін және Кердері көшесі бойындағы 2-17-ЖК-ден Мәметова көшесі бойымен Х.Чурин көшесімен қиылысатын 1-нүктеге дейін Кердері көшесі бойындағы №2 жылу магистралін реконструкциялау» – 470 241 мың.теңге, зындығы 1,215 км. Аталған жоба мердігері «Уральскводстрой» АҚ.

2) «Орал қаласында 1-павильоннан Кердері көшесі бойындағы 2-23 ТК-ға дейін және 1-тораптан (Құрманғазы көшесі, 102 тұрғын үй маңында беру) Т.Масин көшесі бойындағы 2-25-ТК-ге дейін ЖМ-7 реконструкциялау» – 653518 мың.теңге, ұзындығы 1,554 км. Аталған жоба мердігері «Уральскводстрой» АҚ.

3) «Орал қаласында Чкалов көшесіндегі 1-тораптан У.Громова көшесіндегі 4-14-ЖК-на дейін №4 жылу магистралінреконструкциялау» –132 320 мың. теңге, ұзындығы 0,999 км. Аталған жоба мердігері «Астана ИнжКомСтрой» ЖШС.

4) «Орал қаласында Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы №8 жылу магитралін 5-павильоннан 7-ші ықшамаудандағы 2-ОЖП-ға дейін және 6-шы ықшамаудандағы 15-ЖАП-ға дейін реконструкциялау» – 131 328 мың.теңге, ұзындығы 1,176 км. Аталған жоба мердігері «Астана ИнжКомСтрой» ЖШС.

5) «Орал қаласының су құбырларын жаңғырту» - 984 828 мың. теңге. Ағымдағы жылы 1497 м құбыр желілеріне 100 000 мың теңге бөлінді. Аталған жоба мердігері - «Альтаир» ЖШС.

Аталған жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

 

Тұрғын үй инспекциясы секторы

Тұрғын үй инспекциясы секторына 2018 жыл бойыншақала тұрғындарынан 800-ден асаөтініш келіп түсіп, қаралды.

         Соның ішінде:

·        38 % –пәтер иелері кооперативінің жұмысына қатысты;

·        11 %–жылу мәселесіне қатысты;

·        15 %–су мәселесіне қатысты;

·        14%–2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша;

·        Пәтер иелері кооперативтерімен қызмет көрсетілмейтін тұрғын үйлер бойынша – 22 %.

2018 жыл бойынша 5 пәтер иелері кооперативіне(«Жұлдыз-Алға» ПИК, «Центр» ПИК, «Жас Отау» ПИК, «Путь» ПИК, «Жалғас» ПИК) бөлімге келіп түскен өтініштер негізінде(Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы бойынша басқармасында тексеру тағайындау туралы актті тіркеу арқылы)жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексерістер барысында тұрғын үй қатынастары аясында орын алған бұзушылықтар анықталып, тиісінше ұйғарымдар берілді.

Сондай-ақ, тұрғындардың өтініштеріндегі көтеріп отырған мәселелер бойынша  сектор мамандарының орынға шығуы  арқылы 250 ден аса тексеріс ұйымдастырылып, тұрғын үйлердің ортақ коммуникациялық жүйелеріне қызмет көрсету нормативтері мен ережелеріндегі заң бұзушылықтарды жою мақсатында 186-ға жуық ұсыныстар берілді.

2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы бойынша, тұрғын үйді күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру және өзге де сұрақтар бойынша  түсіндіру шаралары жүргізілген 96-ға жуық тұрғын үйлерде жалпы жиналыстар өткізілді. 

         Сондай-ақ, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін сақтау және оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша басқару органы /ПИК/ құрылмаған 129 көппәтерлі тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындау бойынша кесте (31.07.2018 ж.-26.09.2018 ж.) құрылды. Күніне 3 үйге жиналыс өткізіліп, жиналыс кезінде тұрғындарға басқару органын құру немесе ПИК құрамына кіру жөнінде кеңестер беріліп, жылыту маусымына дайындықты бастау бойынша жауапты тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 6 мекенжай Попович к-сі 3 үй, Гагарин к-сі 99/2 үй, Жамбыл к-сі 213 үйлер «Жамбыл» ПИК-нің құрамына ал Придорожная к-сі 1/1 үй, Қазахстан к-сі 33 үй, Евразия даңғылы 177 үйлер «Дорожник» ПИК-нің құрамына кірді.

         Сектор мамандарымен бекітілген кестеге сәйкес ортақ қолданыстағы жерлерді күтіп-ұстау жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмайтын тұрғын үйлерде (У.Громова 2/1, 2-км 24, 2-км 24/1, Евразия 88/1, Курмангазы 111, Луговая 47/1, Покатилова 69/1, Гагарина 36/4)  жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша тұрғындардың жалпы жиналыстары бірнеше мәрте өткізілді. Қазіргі таңда аталған мекенжайлар жылыту жүйесіне сәтті қосылды.

         Сонымен қатар, ағымдағы жылы сектор тарапынан «Жайықжылуқуат» АҚ, «БатысСуАрнасы» ЖШС өкілдерінің, Орал қалалық ПИК ассоциациясының төрағасы Н.У. Чабдаровтың және қала бойынша барлық пәтер иелері кооперативтерінің қатысуыменжылумен, сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі талас тудыратын мәселелерді шешу, сенбіліктерді ұйымдастыру,тиесілі аумақтарды санитарлық тазалау, қоқысты әкету, аула ішілік аумақтар мен шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді ұдайы шабуды ұйымдастыру бойынша, тұрғындардың арасында атқарылған және атқарылатын жұмыстарын көрсетіп, қаражаттын жұмсалу ашықтығын көрсету бойыншақызмет көрсетіп жатқан үйлерде басқару органын сайлап («Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талабына сәйкес) кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткізу,кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін сақтау және оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау, тұрғын-үй қорын күтіп-ұстау саласындағы түйткілді мәселелер бойынша 29 мәрте жиындар өткізілді.

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы шенберінде «Smart city» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша «Қазпошта» АҚ-мен жасақталған «Сайты строений» post.kz сайты бойынша сектор мамандарымен Орал қаласындағы пәтер иелері кооперативтерін post.kz cайтына тіркелу, қолданылуын түсіндіру және оқыту шаралары бойынша 2017 жылдан бастап осы күнге дейін 15-ке жуық жиналыстар өткізілді.«Сайты строений» сайтына тіркелу және қолданылуын түсіндіру туралы ақпарат «Қазақстан Орал», «ТДК-42» және «Хабар» телеарналары арқылы түсіріліп, көрсетілді. Нәтижесінде, күні бүгінге Орал қаласындағы 108 ПИК басқару органдарының 81 ПИК басқару органы (500  көппәтерлі тұрғын үй) тіркеуден өтті. Аталған бағытта жұмыстары әрі қарай жалғасуда.

Тұрғын үй қорын басқару саласындағы сұрақтар бойынша сектор мамандары бұқаралық ақпарат құралдарына 21 сұхбат беріп, 4 тікелей эфирде өткен бағдарламаларға қатысты.

 

Тұрғын үй және жекешелендіру

2018 жылдың 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша Орал қаласының ТҮКШ ж ТҮБ-нде тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде 19 082 адам тіркеуде бар. Соның ішінде:

-       Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары – тізімде жоқ;

-       Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары -7277 адам;

-       Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар - 9768 адам;

-       жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 202 адам;

-       Жетім балалар- 1830 адам.

Тұрғын үй кезегінде 1984 жылдан бері азаматтар тіркеуде тұр.

1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабының,5-тармағына сәйкес сектор тарапынан тұрғын үйге мұқтаждар  тізімінде  тіркелген тұлғалар бойынша түгендеу жұмыстары жүргізілген. 2018 жылғы 1 желтоқсан айына 326 адам тұрғын үй кезегінен шығарылған. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.

2018 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметімен  бектілген «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 үй салынуда олар: Орал қаласы, Зачаганск кенті, М.Мөңкеұлы көшесі, 115-үй.,85/4-үй ЖССБ арқылы жүзеге асырылады, және М.Мөңкеұлы, 120-үй (180 пәтерлі, кезек бойынша, бұл бағдарламаның 5.1 тармағына сәйкес сатып алусыз).

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы   «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғын үй» бағыты бойынша–ЖАО-да кезекте тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрғандар, сатып алу құқығымен жалға алу бойынша қарастырылады «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 1-тармағының 1-1 ), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда: (көп балалы отбасылар; толық емес отбасылар; мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; 1 және 2 топтағы мүгедектер,  мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi) көзделген адамдардың санаты бойынша азаматтардан, 2018 жылғы 19-26 қараша аралығында (құрылысы басталған үйге мекенжайы: Орал қаласы, Зашаған кенті, «Арман» шағынауданы, М.Мөңкеұлы көшесі, 108/5 үй, (3-бөлмелі 33 пәтер, болжамды пәтердің алаңы: 76,29 ш.м.83,82 ш.м. дейін), (2-бөлмелі 72 пәтер, болжамды пәтердің алаңы: 62,1 ш.м.65,88 ш.м. дейін), (1-бөлмелі 72 пәтер, болжамды пәтердің алаңы: 40,04 ш.м.,44,11 ш.м. дейін). Барлығы: 177 пәтерге құжат қабылданды. Аталған пәтерлер бойынша қазіргі таңда Бөлім тарапынан жұмыстар жүргізілуде.

Аталған бағдарламада әртүрлі бағытта пәтер алу мүмкіншілік тұрғын үйдің кезегінде тұрған тұрғын үйге мұқтаж адамдардың арасында қаралған. Барлығы бағдарламда 4 бағыт бар.

1) ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар мен жас отбасыларға арналған  жалға берілетін тұрғын үй;

2) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйі;

3) «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлері;

4) Жылжымайтын мүлік қорының коммерциялық және сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйлері.

Аталған бағдарламаның 2-ші, 3-ші бағыттары бойынша тұрғын үйдің кезегінде тұрған тұрғын үйге мұқтаж адамдар төмендегідей санаттар қатысып тапсыра алады.

1)       Көп балалы отбасылар:

2)       Толық емес отбасылар:

3)       Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар

4)       жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

5)       оралмандар;

6)       1 және 2 топтағы мүгедектер;

7)       мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың  қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлері.

2013 жылғы 02 шілдедегі  «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» № 673 қаулысына сәйкес  тұрғын үй кезегі бойынша алған тұрғынжайларын жекешелендіруге құқылы. Жекешелендіру өтеулі және өтеусіз құнымен жүргізіледі.Жыл басынан 70 тұрғынжай жекешелендірлген.Оның ішінде өтеусіз құнымен -24, өтеулі құнымен-46.

Сонымен қатар, жалға алған үйлердің ай сайын төлейтін төлемақасы 1 бөлме 5000 тенге, 2-бөлме 7000 теңге, 3- бөлме 10000 теңге.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген (Бұдан әрі-мемлекеттік қызмет)

Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетілген туралы қорытындысы:

- «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  БҚО бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті»;

- веб-портал «электрондықҮкімет» www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

Аталған мемлекеттік қызмет бойынша - 1543 өтініш қабылданды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру бойынша 1208 анықтама берілген.

 

«Тұрғын үй қатынастары орталығы» КММ

Орал қаласы әкімдігінің  2014 жылдың 26 қыркүйегіндегі №2520 қаулысының негізінде Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясыы бөлімінің «Тұрғын үй қатынастары орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, 2015 жылдың наурызынан өз қызметін бастады.

Қаладағы 18 жалға берілетін көппәтерлі тұрғын үйлердегі                                               (1022) 983 пәтерлерден тұрғын үйді пайдаланғаны үшін түскен төлемақы 2014 жылы - 32 759 654 тенгені, 2015 жылы - 57 005 889 тенгені, 2016 жылы - 71 005 226 теңгені.  2018 жылдың 01 қыркүйегіне 58 199 801 теңгесі түсіп отыр, жоспарланғаны 64 490 373.  Бюджеттік түсімнің орындалуы 91 % құрайды.

Мамандар тарапынан мекенжайларға шығу арқылы 410 ескерту хаттары жеткізілді.

 2017 жылдың маусым айынан бастап мекемеде қызметінің аясында «Ашық әкімдік» жобасы өз жұмысын бастады. 2018 жылдың қаңтар айынан жоба мамандары тарапынан сәулет және жер қатынастары бойынша 38 336 ақпараттық-кеңестік қызметтер көрсетілді.

Жыл бойына мекеме заңгерлері 144 азаматтық сот істеріне қатысты. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жалға алушыларға 14 талап-арыз  берілді. Соның ішінде 6-ы мерзімі 6 айдан асқан тұрғын үй-жайдан шығару туралы, 8 талап арыз берешек соманы қайтару жолымен берілді.

         Негізгі соманы және айыппұл қайтару туралы 8 өтінішін қанағаттандырды. 6 жалдаушылар қарыздарын өтеді.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және мемлекеттік қызметкерлер санаты бойынша кезекте тұрған азаматтарды түгендеу жұмысы жүргізілді. Жалпы түгендеу саны - 2 592. Түгендеу жүргізу мақсатында миграция қызметі - 1 211, әділет басқармасына- 1 211 және АХАЖ бөліміне-170 сұраныс хаттар жіберілді.

www.gosreestr.kz сайтына тіркелінген келісім-шарттар саны  – 727 (8-үй бойынша).

 «Жайықжылуқуат» АҚ алдындағы берешектерді өтеу туралы 18 мекенжайға барылып түсіндірілді. 630 тұрғын үйге және оларға тиісті аумақтарға техникалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үй комуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын түсіндіру бойынша 17 тұрғын үйге жиналыстар жүргізілді. Тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша 220 үйге жалпы жиналыстар жүргізілді.